2024-03-28 21:45:18
8.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкенттік полицейлер қызмет бабында қыршынынан қиылған әріптестерінің отбасыларына құрмет көрсетті

Шымкенттік полицейлер қызмет бабында қыршынынан қиылған әріптестерінің отбасыларына құрмет көрсетті
Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы Полиция басқармасының басшылығы Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында қызмет бабында қайтыс болған полиция қызметкерлері Дөненов Тимур Төлендіұлы мен Бердалиев Марат Заурбекұлының отбасыларына арнайы барып, мереке күнімен шын жүректен құттықтады.
Сонымен қатар, қаза тапқан қызметкерлердің жұбайларына және балаларына Департамент бастығы полиция генерал-майоры Е.Жумаханбетовтің мерекелік құттықтауын жеткізіп, зор денсаулық, бақыт, амандық тілеп, ізгі-тілектерін айтып, сыйлықтар тарту етті.
Тәртіп сақшылары өмірден ерте кеткен қызметтес, қарулас әріптестерін мәңгі ұмытпайтындарын осылай іспен дәлелдеді. Тәртіп сақшылары мереке қарсаңында үлкен құрмет көрсетіп, алғыс алды.
Өз кезегінде марқұм қызметкерлердің жұбайлары өздерінің қуаныштарын жасырмай, полиция қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіріп, еңбектеріне сәттілік тілеп, жылы сөздерін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР