2022-05-28 01:18:29
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте санақтан онлайн өту бұрыштары ашылады

Шымкентте санақтан онлайн өту бұрыштары ашылады 1

Шымкенттегі ірі сауда орталықтарында, ірі өнеркәсіп орындарында, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ғимаратында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) санақтан онлайн өту бұрыштары ашылады. Санақ бұрыштарында интернетке қосылған компьютерлер орнатылады. Осылайша кез келген тұрғын сол санақ бұрыштарынан онлайн түрде өзі және отбасы мүшелерін санақтан өткізу мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Меруерт Жаңабаева мәлімдеді.

–Халық арасында жаппай түсіндіру жұмыстары да бәсеңдеген жоқ. Халық санағы туралы ақпарат беретін 54 билборд қала көшелеріне орнатылды. Мамандар 5 мыңға жуық ақпараттық парақшаларды адам көп шоғырланатын жерде және қоғамдық көліктерде іліп, таратып жүр, деп атап өтті жауапты басшы.

Айта кетейік, Ұлттық санақ кезінде арнайы call-орталығы жұмыс істейді. «1446» нөмірлі бірыңғай call-орталығы елдің барлық аумағындағы мобильді және стационар телефондар үшін қоңырау шалу мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ, 8 8000 800 878 нөміріне де қоңырау шалу тегін болмақ.

Егер респонденттер тарапынан арыз-шағым, өтініш туындап жатса немесе кеңес алу үшін Бюроның stat.gov.kz интернет-ресурсына, Бюро басшысының блогына, сондай-ақ, әлеуметтік желілер арқылы (YouTube, Facebook, Instagram, Telegram) жүгіне алады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР