2024-04-24 23:11:57
20.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент – бақытты жандар мекені

Шымкент – бақытты жандар мекені
Ұлы Жібек жолының керуені өткен Шымкент күн санап көркеюде. Көне қала өркениеті мен жаңа шаһар тынысы… қай баланың болмасын, шалқар шабытын оятады… Көсемсөз шебері Міржақып Дулатов айтпақшы, «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі де мықты». Шымқала шежіресіне терең бойлайтын мұндай жастар барда насихаттың да дәрежесі биік болмақ. Сондықтан еш бүкпесіз , Шымкент- БАҚЫТТЫ жандардың мекені деп айтсақ артық болмас.
Шырайлы шаһарға саяхаттау , одан әрі бақыт алып келеріне дәлел ретінде мына мағлұматты ұсынамыз.
Сан -Франциско университетінің зерттеушілері бақыт адамның иелігіне емес, бастан өткергеніне негізделген деген қорытындыға келді.
Ғалымдардың айтуынша, саяхат — бақытқа жетудің маңызды жолдарының бірі.
Зерттеу барысында университет қызметкерлері кейбір заттарды (смартфон, планшет, киім, зергерлік бұйымдар) сатып алу уақытша бақытқа әкелетінін дәлелдеді. Саяхат, керісінше, ғалымдардың пікірінше, әдеттегіден шығудың тамаша жолы, деп жазады travelerr.ru.
Нидерландыдағы “Қолданбалы” ғылымдар университетінің мамандары американдықтардың пікірін қайталайды, олар саяхатшылар бір жерге барғанда ғана емес, сапар алдында да бақытты болатынын түсіндірді, өйткені олар саяхатты күтеді, жоспарлайды және жағымды эмоцияларды бастан кешіреді.
«Саяхат телефонның соңғы үлгісін сатып алғаннан гөрі ұзақ уақытқа созылатын бақыт сезімін тудырады және өмір бойы жағымды естеліктер қалдырады», — деп сендіреді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР