2024-11-24 09:51:15
0.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қонаев даңғылы жалғасының II кезең жұмыстарын пысықтады

Қонаев даңғылы жалғасының II кезең жұмыстарын пысықтады
Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Ғабит Мәуленқұлов бастаған арнайы топ бүгін қаладағы бірқатар жол-құрылыс нысандарының барысын аралады.
Қалалық орта сапасы және бақылау, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, энергетика және коммуналдық шаруашылық, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшылары алдымен Қонаев даңғылы жалғасы құрылысының ІІ кезеңі жұмыстарымен («Ескі қалашық» аумағы) танысты.
Көшенің жалпы ұзындығы- 1,71 шақырым, ені- 42 метр, 6 жолақты.
Қазіргі таңда аталған нысанда мемлекет мұқтаждығына алынған 12 үйді сүру жұмыстары жүргізілді. Жобада Әйтеке би көшесімен ұзындығы 600 м жол асты өткелі (тоннел) бөлігі қарастырылған. Бірінші кезекте құрылыстың негізгі жұмыстарын (тоннел қазу) бастау үшін Әйтеке би көшесі бойындағы нысандарды мемлекет мұқтажына қайтару қажет.
Бүгінде 28 жер телімі қайтарылған. 31-ін мемлекет мұқтаждығына алу процесі жүргізілуде. Инженерлік желілердің орнын ауыстыру үшінбірінші кезекте 25 нысанды сүру керек. Жер телімдері уақытылы мемлекет мұқтажына алынған жағдайда жол құрылысын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР