2024-04-19 22:10:49
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі брифинг өткізді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі брифинг өткізді
Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ағымдағы жылдың сегіз айдағы қызметінің нәтижелері бойынша брифинг өтті.
Атқарылған жұмыстармен таныстырған Департамент басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев жыл басынан Департаментпен алпыс үш қылмыс тіркелгенін, оның ішінде 45 сыбайлас жемқорлық сипатындағы екенін атап өтті.
«Тіркелген қылмыстардың басым бөлігін парақорлық және жымқыру фактілері құрайды. Жымқыру фактілері бойынша он жеті және парақорлық фактілері бойынша отыз қылмыс тіркелді.
Салалар бойынша анықталған қылмыстардың ең көп саны құқық қорғау блогында- 13, құрылыс саласында 12, білім – 8, денсаулық сақтау – 7, салық және жер қатынастары салаларында — 3 қылмыстан тіркелген.
Сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін 29 тұлға әшкерленді.
Тіркелген қылмыстық істер бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде мемлекет кірісіне 1 млрд. 607 млн. теңге өтелгендігінен хабардар етті.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР