2024-07-27 07:31:50
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жетісай театрында «Қынсыз қылыш Құрманбек» драмасының қойылымы өтті

Жетісай театрында «Қынсыз қылыш Құрманбек» драмасының қойылымы өтті

Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында Өсімхан Пістебектің «Қынсыз қылыш Құрманбек» драмасы сахналанды.

Қазақ драма және опера театрларының негізін қалаған өнер тарланы Құрманбек Жандарбеков туралы қойылым Ұлы актердің, талантты режиссердің қазақ сахна өнерін жанындай сүйгендігі, осы жолда көрген қиыншылықтары, қуанышы мен қайғысын көпшілік назарына ұсынылды. Жаңа қойылым өнер адамы туралы болғандықтан сол заманның елесі, кейпі әдемі  аңғарылды.  Қоюшы режиссері – Тілеген Ахмет, суретші – Халит Байтелиев.

Құрманбек Жандарбеков сталиндік зұлматтар тұсында өмір сүрсе де ардан аттамаған тұлға. Сонау 1936 жылы Қазақстанның халық әртісі атанып, одан кейін Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған. Үлкен театрларды басқарса да өн бойынан адамгершілігін, қарапайымдылығын, ізгілігін жоғалтпаған мәдениет майталманы.

Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР