2026-07-16 18:04:40
42.9 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Еңбекші ауданында абаттандыру және әлеуметтік нысандарды дамытуға басымдық берілуде

Еңбекші ауданында тұрғындарға қолайлы әрі жайлы орта қалыптастыру бағытындағы абаттандыру және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Қоғамдық кеңістіктерді көбейту, балалар мен спорт алаңшаларын салу, әлеуметтік нысандарды жаңғырту және көшелердің бірыңғай келбетін қалыптастыру бағытындағы жобалар кезең-кезеңімен іске асырылуда.

«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында тұрғындардың ұсыныстары негізінде аулаларды көркейту, балалар ойын және спорт алаңшаларын салу, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл жаңа ойын және спорт алаңшалары мен гүлзарлардың құрылысы жалғасып, тұрғындардың демалысы мен бос уақытын тиімді ұйымдастыруға арналған инфрақұрылым кеңейтілуде.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында аудан аумағында жаңа спорт алаңшаларын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, қоғамдық кеңістіктерді көбейту бағытында жаңа гүлзарлар салынып, тұрғындардың демалысына қолайлы жағдай жасалуда.

Көшелердің сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында ономастика саласында да жоспарлы жұмыстар жалғасуда. Жаңа үлгідегі мекенжай тақтайшаларын орнату арқылы көшелердің бірыңғай көрінісі қалыптастырылып, қала инфрақұрылымының сапасы артып келеді.

Әлеуметтік салада маңызды жобалар іске асырылуда. Қаратөбе тұрғын алабындағы №96 мектепке күрделі жөндеу жүргізіліп, білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасы жаңартылуда. Сондай-ақ Тоғыс тұрғын алабындағы «Қазығұрт» мәдениет үйін жаңғырту жобасы қайта қаралып, толық реконструкциялау жұмыстары қолға алынды. Жоба аясында мәдениет ошағы заманауи талаптарға сай жаңартылып, тұрғындардың игілігіне ұсынылатын болады.

Еңбекші ауданында жүзеге асырылып жатқан бұл жобалар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға, қоғамдық кеңістіктерді кеңейтуге және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Жоспарланған жұмыстардың кезең-кезеңімен іске асырылуы ауданның тұрақты дамуына және тұрғындарға қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР