Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасында желкен спортынан кезекті Қазақстан чемпионаты аяқталды. Түркістан облысының жеңімпаз саңлақтары жалпы 12 медаль иеленді. Тізбектей айтар болсақ, 4-алтын, 6-күміс және 2-қола алқа жеңіп алды.
Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары атанған түркістандықтар Анатолий Чуриков пен Богдан Рожанский екі алтын иеленсе, тағы да бір талантты жерлесіміз Заңғар Әбдірахман мен Станислав Пичугин де жеңістің шыңын бағындырды.
Ал, күміс жүлдеге ие болған Алишер Чехомов пен Артём Богдаев өздерінің мықтылықтарын көрсетті. Сонымен қатар, жарыста шеберліктерін көрсетіп күміс жүлдегер атанғандар қатарында Александр Вакуленко, Анастасия Данькова қос күміс иеленсе, Светлана Чурикцова әйелдер арасында күміс жүлдеге қол жеткізді. Бұдан өзге талантты спортшы қызымыз Кристина Малахова да күміс алқаны иеленді.
Ал, Шакизада Бакдаулет пен Никита Малахов қола жүлдені қанағат етті. Түркістан облысының талантты саңлақтарын әлемдік деңгейге дайындап, баптап келе жатқан облысымыздың желкенді қайықтан облыс құрамасын баптайтын аға жаттықтырушысы С. В. Пичугиннің өмірде өзіндік қағидасы бар.