2024-05-01 15:35:08
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жазғы универсиада: Қазақстан медальдар кестесінде 10-орында

Жазғы универсиада: Қазақстан медальдар кестесінде 10-орында

Қытайдың Чэнду қаласында бүкіләлемдік жазғы универсиада жалғасып жатыр.  Медальдар кестесінде Қазақстан 10-орынға көтерілді.

Қазір ел құрамасы еншісінде 11 медаль бар. Оның бірі – алтын, бесеуі – күміс, бесеуі – қола.

Медальдар кестесінде қазақстандық спортшылар 14-орыннан 10-орынға көтерілді. Көш басында 28 (17-6-5) медальмен Қытай келеді. Одан кейінгі орындардағы Оңтүстік Кореяның – 28 (13-10-5) Жапонияның 25 (11-7-7) медалі бар.

Атап айтқанда, таеквондошы Рита Бакишева (48 келі) дүниежүзілік доданың жеңіс тұғырына көтерілді.

Ал Диана Тұрсынбек (садақ ату) екінші орыннан көрінді.

Көркем гимнастикадан Елжан Таниева екі күміс (доп пен лентамен өнер көрсету), бір қола (құрсаумен сайыс) алды.

Ел құрамасынан винтовкамен 10 метр қашықтықта оқ ату сайысында Константин Малиновский, Ислам Сәтпаев және Никита Шахторин қола жүлде иеленді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР