2024-09-19 22:04:55
19.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жас футболшы құрамада өнер көрсетеді

Жас футболшы құрамада өнер көрсетеді

«Жетісай» футбол клубының талантты жас ойыншысы, Жетісай  ауданының  адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Н.Оңдасынов атындағы №14 жалпы орта мектебінің оқушысы Ернар Қоспаев Қазақстан U17 құрамасымен бірге Ресей еліне аттанатын болды.

17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 24-29 мамыр аралығында Волгоградта өтетін (Ресей) УЕФА Даму жарысына қатысады.

Ойыншылар Ресей, Қырғызстан және Беларусь командаларымен кездеседі. Матчтар «Зенит» және «Олимпия» стадиондарында өтеді.

Ойындар Ресей футбол одағының ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде көрсетіледі деп күтілуде. Футболшыларға сәттілік!

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР