2024-09-19 21:20:32
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Волейболшы қыздарымыз республикада топ жарды

Волейболшы қыздарымыз республикада топ жарды

Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев Қызылорда қаласында өткен республикалық чемпионатта 2010-2011 жылы туылған қыздар арасында волейбол сайысынан өзгелерден оқ бойы оза шапқан жас спортшыларды және бапкерлері Илхамжан Ерметов пен Ислам Оринжановты қабылдап, мерейлі жеңістерімен құттықтады.

Сауран ауданының атынан барған волейболшы қыздарымыз бұған дейінде көптеген жарыстарды бағындырып жүрген жайлары бар. Бапкері Илхамжан Ерметовтың айтуынша еліміздің түкір-түкпірінен 13 команда бақ сынапты. Саурандық қыздар 7 ойын өткізіп, бірінші орынға ие болса, жүлделі 2-3 орындарды Қызылорда қаласы мен Жалағаш ауданының командалары өзара бөліскенін жеткізді. Спортшы қыздарымызға жарысқа барып, келулеріне қаржылай демеушілік жасаған жас депутат Азиз Азимов қолдау көрсеткен.

Аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев болашағынан зор үміт күттіретін жас спортшыларға алдағы уақытта ел намысын қорғап, биік белестерді бағындыра беруіне тілектестігін білдірді. Сонымен қатар, ауданның спорт саласының дамуына қосқан үлесі үшін арнайы Алғыс хатпен марапаттап, сый-сияпат жасап, құрмет көрсетті.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР