2024-09-17 00:32:05
21.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістандықтар Кореяда визасыз жұмыс істей алады

Түркістандықтар Кореяда визасыз жұмыс істей алады

Алматыда Ядролық физика институтының жанынан Оңтүстік Корея ЖОО филиалы ашылады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

KAIST – Korea Advanced Institute of Science & Technology университеті. Бұл оқу орны әлемде және жаһандық академиялық қоғамдастықта электротехника, информатика, машина жасау және инженерия салаларындағы инновациялық зерттеулері мен әзірлемелерімен танымал.

«Оңтүстік Корея президентінің Қазақстанға сапары кезінде келісімге қол қойылды. Бізде ауданы 120 га ядролық физика институты бар, филиал соның жанынан ашылады. Бұл Оңтүстік Кореяның ең танымал ұлттық зерттеу университеті, соңғы 50 жылда ашылған әлемдегі ең үздік үштіктің қатарына кіреді», — деді Саясат Нұрбек брифингте.

Сонымен қатар, Түркістанда Оңтүстік Кореяның тағы бір университеті Woosong филиалын ашу жоспарда.

«Ғимаратты оларға өтеусіз негізде береміз, 1,2 га жер береміз. Жеке университет Түркістанда ашылады. Келесі жылы «киберқауіпсіздік» және «компьютерлік инженерия және DATA» мамандықтары бойынша оқыту басталады», — деп толықтырды министр.

Саясат Нұрбектің айтуынша, Woosong түлектері Оңтүстік Кореяда визасыз жұмыс істей алады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР