2024-09-17 00:42:21
21.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІНІҢ КӨЛЕМІ 6,8 ПАЙЫЗҒА ӨСКЕН

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІНІҢ КӨЛЕМІ 6,8 ПАЙЫЗҒА ӨСКЕН

Түркістан облысында 2024 жылдың қаңтар-маусым айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 551 млрд 576,8 млн теңгені құраған. Бұл көрсеткіш 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,8%-ға өскендігін көрсетіп отыр. Атап айтар болсақ, өңірде тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі — 3,1%-ға, өңдеу өнеркәсібінде — 11,2%-ға, электр энергиясымен, газбен, ыстық сумен жабдықтауда – 12,4%-ға өсім байқалған.

Сонымен қатар, облыста жыл басынан бері ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 212 млрд 714,6 млн теңгеге жеткен. 2023 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда бұл көрсеткіш 7,3%-ға өскен. Сондай-ақ, өңірдегі құрылыс саласында да өсім байқалады. Қаңтар-маусым айларында құрылыс көлемі 181 млрд 53,5 млн теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 23,8%-ға артқан. Ал, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 20,2%-ға өскен.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР