2024-07-27 14:00:00
36.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Тұран даласының күйлері»

«Тұран даласының күйлері»

«Ұлттық домбыра» күніне орай және Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық мерейтойы аясында «Тұран даласының күйлері» атты күйшілер байқауы өтті.

Қазақтың төкпе күйлері мен шертпе күйлерін орындаған қатысушылардың арасында «Айнамкөз» өнер мектебі, Саз мектебі, «Ақжайық» музыка мектебі, сондай-ақ қаладағы орта мектеп оқушылары да бар.

14 үміткер қатысқан байқауға өнердің биігін бағындырған таланттар төрелік етті.

Қазылар алқасының шешімімен үлкен топта бас жүлде Шайзында Жансаяға бұйырды. Ал I орынды Әбдіраман Саят, II орынды Мәткен Аяулым, III орынды Рамазан Саят иемденді.

Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы арнайы жүлдемен Жетібай Рәтхан марапатталды. Кіші топта I орын Садық Мейірланға, II орын Серікбай Нұрболат пен Өтебек Балнұрға, III орын Тастанбек Жарқынбек пен Әлімсейіт Нұрзатқа бұйырды.

Төлеген Момбеков атындағы арнайы жүлдемен Шалқар Арайлым марапатталды. Байқауға белсене атсалысқаны үшін Құнанбаев Игілікке, Жетібай Дархан мен Сабиров Садирға арнайы диплом табыс етілді. Жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар табысталды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР