2023-09-26 09:25:01
12.3 C
Shymkent

Көп қаралғандар

Түркістанда туризмді насихаттауға арналған «Tourist time» жобасы бастау алды

«Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы мен «Turkistan» телеарнасы облыстың құрылғанына 5 жыл толуына орай бірлескен жаңа жобаның тұсауын кесті.

«Tourist TIME» бағдарламасы — Түркістанның туризмін насихаттау мақсатында ойын-сауық форматында өткізіледі. Іс-шарада спорттық жарыстар, қызықты трендтегі ойындар мен шығармашылық тапсырмалар беріледі. Бағдарлама барысы «Turkistan» телеарнасында тікелей эфир арқылы көрсетіледі.

Жоба тұңғыш рет өткізілгеніне қарамай, «Tourist TIME»-ның мақсаты орындалды. Ойындарға облыстың аудандарынан бөлек, Тараз, Қызылорда және Алматыдан келген қонақтар белсене қатысты. Алғашқы бағдарламада су толтырылған шарды жару, батутқа секіру, алыптардың жарысы, турникке тартылу сынды 4 кезеңдік бәсекеден тұрды. Әр ойыннан жеңген жеңімпаздар өзара сайысты.

Түрлі сындардан сүрінбей финалға өткен қатысушылар, ұйымдастырушылардың арнайы жүлделермен марапатталды. Атап айтқанда, 1-орынға 5 жұлдызды «Rixos» қонақүйіне 2 адамға демалыс үшін сертификат, 2-орынға SPA-ға 2 сертификат, ал 3-орын иесіне кинотеатрға 2 билет табысталды. Іс-шарада қала тұрғындары мен қонақтарына викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендер мейрамханаларға арналған жеңілдік карталарына ие болды.

«Tourist TIME» бағдарламасы әр жұма сайын сағат 20:30-да Түркістандағы «Ұлы Дала елі» орталығының алаңында өтеді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР