2024-07-27 07:49:56
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Түркістанда туристерді тартатын жағдай жасау қажет»

«Түркістанда туристерді тартатын жағдай жасау қажет»

Әлем жұртшылығы Қазақстанда демалу мүмкіндіктері жайлы енді ғана біліп жатыр. Жалпы бізде динамика өте жақсы деуге болады. Орта есеппен 10% деңгейіндегі келушілер туризмі бойынша біз жыл сайын өсіп келеміз. Мұндай пікірді «Kazakh Tourism» ҰК АҚ төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасов білдірді.

– Қайрат Серікұлы, туристік саланың жалпы беталыстары қандай? Қандай жаһандық өзгерістер орын алады деп күтілуде?

– Жалпы әлем үздіксіз даму үстінде. Туризм көптеген елдерде басымдығы мол сала. 2030 жылға қарай жалпылама көрсеткіш бойынша 1,8 млрд-тан астам адам ағылады деп күтіліп отыр. Яғни, бұл дегеніңіз, осыншалықты адам халықаралық шекаралардан өтетін болады деген сөз. Ал, Қазақстанға келер болсақ, бізде бұл үдеріс енді басталып, біртіндеп қолға алынып жатыр. Қазақстандағы демалу мүмкіндіктері жайлы әлем жұртшылығы ақпараттанып жатыр. Біздегі динамика көрсеткіші өте жақсы. Орта есеппен 10% деңгейіндегі келушілер бойынша бізде жыл сайынғы өсім байқалады. Соңғы 5-6 жылдағы ішкі туризм бойынша динамика 10-15% деңгейін құрап отыр. Бұл дегеніңіз көңіл көншітерлік нәтиже.

Бір қуантарлығы, біздің азаматтарымыз барынша көбірек Қазақстандағы демалыс орындарын таңдауда. Өзінің демалысын Отандық демалыс орындарында өткізуге өткізуге ниетті адамдар саны көп. Шетелге жылына үш рет шыға алатын адамдар бар, бірақ олар кемінде бір демалысын Қазақстанда өткізеді. Туризм түрлері бойынша беталыстар туралы айтатын болсақ, әлемде этнографиялық және саяхатшылық туризм кеңінен танымал болып келеді. Егер эко және этнотуризм әрқашан қызықты болса, онда аdventure-туризмге деген сұранысты жыл сайын 46%-ға дейін артуға болады.

– Қайрат Серікұлы, соңғы уақыттарда тарихи жерлерді аңызға айналдыру туралы көп айтылып жүр. Мысалы, Түркістан қаласы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бүкіл түркі әлемінің тарихи-мәдени ортасы ретінде дамытылуда. Бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Бұл нысанға жыл сайын қанша турист келетіні туралы болжам бар ма?

– Бүгінде Түркістан облысына, тікелей Түркістан қаласына көп көңіл бөлініп отыр. Түркістандағы бүгінгі келушілер ағымы Шымкент қаласы есебінен орын алуда. Көптеген туристер күндіз келушілер немесе киелі орындарға бағыт алғандар. Сондықтан, негізгі міндет — адамдар Түркістанға түнеуге келіп, бірнеше күнге қалып, қаржыларын осында жұмсап, кәделі сыйлар алуына, мейрамханаларға баруына жағдай жасау болып отыр. Бізге осы жағына көп көңіл бөлу керек.

Қазірдің өзінде, әуежайдан басқа, қонақ үйлер де көптеп салынуда. Ендігі кезекте тұрақты темір жол мен автобус қатынасын жолға қою қажет деп санаймын. Біз Түркістан мен Шымкент қалалары қандай жағдайда да бірге дамитынын түсінуіміз қажет. Өйткені, мұнда үлкен ішкі нарық бар. Шымкент қаласында шағын және орта бизнестің шоғыры қалыптасқан. Дәл сондай нарықты Түркістанда да қалыптастыруымыз қажет. Бірыңғай маркетинг бағдарламасы мен бірыңғай инфрақұрылымдық даму жоспары қалыптасатын болса, түркі тілдес дүниеде де, ислам әлемінің басқа елдерінің арасында да Түркістанның алар әлеуеті зор болмақ.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР