2024-05-14 03:58:00
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістанда мүмкіндігі шексіз өнер шеберлерінің кеші өтті

Түркістанда мүмкіндігі шексіз өнер шеберлерінің кеші өтті

Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Фараб» кітапханасында облыстың 5 жылдығына орай мүмкіндігі шексіз таланттардың концерті өтті. «Аяла мені Түркістан» шарасы аясында қолы алтын шеберлердің көрмесі жасақталды. Салтанатты шараны Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Байдулла Жұмадуллаұлы ашып беріп, келуші көрерменді мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, қала әкімінің арнайы алғыс хаттары мен сыйлықтарын табыстады.

– Бүгінгі шара біздің ерекше жандардан шыққан талай жас өнерпаздарымыздың жұлдызын жағады деп сенемін. Шынында да, өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі – оның әсемдікке, сұлулыққа ұмтылуы. Ендеше бүгінгі «Аяла мені Түркістан!» атты мүмкіндігі шексіз, ерекше жандар арасындағы өнер мерекесі, қайырымдылық кеші жалғаса берсін! Шығармашылық табыс тілеймін!, – деді Байдулла Жұмадуллаұлы.

Әрі қарай арнайы дайындалған концерттік бағдарлама аясында ерекше жандар, атап айтқанда, төлебилік «Гауһартас» би тобы, астаналық Алтыншаш Мұқатаева, шымкенттік Салих Қалиев пен Әсем Әлжанқызы, Олег Вретиков және Тұрсынай Нәлібаева, Ермек Қалымбетов т.б өнерпаздар өз өнерін ортаға салды. Шара барысында мерекелік ән-шашулар мен Төлеби ауданынан келген «Гауһар тас» би тобы, Шымкент қаласынан келген Ермек Қалымбетовтің ерекше билері көрермен көзайымына айналды.

Түркістан облысы мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР