2024-06-22 02:02:36
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістанда мемлекеттік қызметшілер күніне арналған облыстық спартакиада өтуде

Түркістанда мемлекеттік қызметшілер күніне арналған облыстық спартакиада өтуде

Түркістанда 23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күніне  арналған облыстық спартакиада өтуде. Спорттық сайыстың ашылуында облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішев, облыстық спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Өркен Балажанов құттықтау сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыс 5-9 маусым күндері аралығында рухани Астанада орналасқан спорт кешендерінде өткізіліп жатыр. Өңірдегі мемқызмекерлер волейбол, кіші футбол, қазақ күресі, жүзу, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, бильярд сынды спорт түрлері бойынша бақ сынайды.

«Өздеріңізге мәлім, жарыстың негізгі мақсаты – ҚР Президентінің Жолдауындағы салауатты өмір салтын және бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасын іске асыру.  Мемлекеттік қызметшілер арасында достық қарым-қатынасты нығайту арқылы халықты жүйелі түрде спортпен шұғылдануға тарту. Айтулы күнмен баршаңызды құттықтай отырып отбасыларыңызға амандық, істеріңізге береке тілеймін. Мемлекеттік қызметші болу  мол жауапкершілікті жүктейді. Қиындығы мен қуанышы мол жұмыста әрдайым табысты болыңыздар. Жаңа Қазақстанды дамыту жолында бірлесіп еңбек ете берейік»,  деді Бейсен Дәулетұлы.

Мемлекеттік қызметшілері арасындағы спорттық дода Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер кубоктармен, дипломдармен және медальдармен марапатталады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР