2024-06-22 02:22:19
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан: Жетісайда 200 бүлдіршін күй тартты

Түркістан: Жетісайда 200 бүлдіршін күй тартты

Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімі мен аудандық «Жетісай» мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «1 шілде – Ұлттық домбыра күні» мерекесіне арналған мәдени көпшілік іс-шара болып өтті.

Салтанатты шарада ҚР Мәдениет қайраткері, күйші-композитор, профессор Бөрі Исаның жетекшілігімен аудандағы жас күйшілерден құралған 200 домбырашы Құрманғазының «Балбырауын», Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйлерін нақышына келтіріп орындаса, мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

«Күйде қазақтың асқақ, асыл ойлары, арман-мақсаты, ізгі тілектері, қуанышы, қайғы-қасіреті мен әртүрлі сезім иірімдері бейнеленеді. Күмбірлеген қос ішекті домбырада шертілген күйдің адам жан-дүниесіне тигізетін әсері орасан, сондықтан, оны шынайы ықыласпен қабылдау арқылы ғана түсінуге болады. Қаншама ғасырлар бойы жинақталған күй қазынамыз – ұшы-қиыры жоқ, аса мол мұра. Әлемдік музыка қорына әр халық, ұлт өзіне тән өрнекпен өлшеусіз үлес қосатынын ескерсек, музыка мәдениетінің өткеніне ой жүгіртіп, әралуан тарихи деректеріне жүгінсек, халық өнерінің дамуына ерекше үлес қосқан да осы домбыра аспабымыз. Бүгін біз осы бір қасиетті де қадірлі дүниемізді халық арасында насихаттауға барынша күш салдық», дейді аудандық «Жетісай» мәдениет үйінің директоры Перизат Тәжібаева.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР