2024-09-19 21:32:41
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан облысының делегациясы Қытайда

Түркістан облысының делегациясы Қытайда

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған делегация Қытай Халық Республикасына іссапармен барып,  бірнеше қалаларындағы әлемге әйгілі ірі компаниялардың жұмысымен танысты.

Басты мақсат – экономикалық дамуы бойынша халықаралық тәжірибені Түркістан өңірінде енгізу, облыс аумағында зауыт-фабрикалар ашу, халықтың әл-ауқатын арттыру.

Жұмыс сапары барысында делегация біздің өңір үшін аса маңызды тоқыма кластерін дамыту және автомобиль жасау өндірісімен жақын танысып, ең ірі-зауыт фабрика өкілдерімен кездесті.

Сондай-ақ ірі инвестициялық компаниялардың өкілдерімен кездесіп, әріптестік жөнінде келіссөздер жүргізді. Сапар аясында аймақ басшысы Үрімші қаласы, Қорғас порты, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Құрлық портының жұмысын көрді.

Облыс әкімі бастаған делегация сапарды Иу халықаралық сауда қаласында жалғастырып, аяқ киім шығаратын фабрика мен шұлық шығаратын әйгілі «Limax» зауытында болды.

Сосын осындай шұлық өндіруге арналған жабдықтар шығаратын «Zhejiang Jiaxiu Knitting Co., Ltd.» компаниясын да аралап, басшылығымен кездесті.

Бір қызығы, Иу – Чжэцзян провинциясының Цзиньхуа қаласындағы округі. Қытайдағы ең ірі сыртқы сауда орталықтарының бірі. Халық саны біздің өңірмен шамалас, 1 млн 900 мың адам. Ал бизнес орындарының саны 2 миллионға жетеді. Мұндағы ең төменгі жалақы көлемі 1000 -1200 АҚШ долларын құрайды. Нарықта 75 000 көтерме және бөлшек сауда дүкендері Қытайдың «жаһандық супермаркеті» ретінде белгілі.

Қалада әлемнің 200 елі мен аймақтарына тауар жеткізетін 2 миллионнан астам шағын және орта фирмалары жұмыс істейді. Нарықта 75 000 көтерме және бөлшек сауда дүкендері, сондай-ақ онлайн платформасы бар.

Бұл сапардың Түркістан облысы үшін маңызы зор. Әсіресе, біздің өңірдегі өндірістік салаға техника атаулыны кәсіпкерлер осы алыс-жақын шетелден алып келіп, шикізатын да сатып алып отыр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР