2025-05-11 00:22:09
20.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан: Кентау қаласының мәдениет күндері этноауылда жалғасты

«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Кентау қаласының Түркістан қаласындағы мәдениет күндері жалғасты.

Мәдени шараның екінші күні Этноауыл кешенінде «Отаным – Қазақстан» тақырыбында заманауи қолөнер түрлері мен қылқалам шеберлерінің көрмелері және «Бір шаңырақ астында» ұлттық тағамдар жәрмеңкесі жасақталды. Сонымен қатар «Бірлігі жарасқан ел» атауымен Рапсодия би ұжымының концерттік бағдарламасы сахналанды.

Үш күнге жоспарланған шараның алғашқы күні Этноауыл кешенінде «Ұлттық құндылық – ел қазынасы» атты қолөнер шеберлерінің ұлттық нақыштағы көрмесі және мастер-класстары, ұлттық спорттық ойындардан жарыстар және «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа өнеге» салт-дәстүрді дәріптеуге арналған қойылымдары сахналанған болатын.

Бүгін, 30 шілде күні сағат 20:00-де «Visit Turkistan» орталығы алаңында Кентау қаласы өнерпаздарының қатысуымен «Кентауым – керім қала» атты Гала-концерт өтеді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР