2025-05-25 23:34:31
25.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Соңғы 3 жылда Қазақстанда экотуристер саны 2 есе артты

Елімізде соңғы 3 жыл ішінде   экотуристер саны 2 есеге артқан. 2020 жылы экотуристер саны 985 мың болса, 2022 жылдың соңында олардың саны 2 млн-ға жетті.

«Бұл Қазақстандағы экологиялық туризмнің даму динамикасы және елдегі экотуризм мәдениетінің қалыптасқанының көрсеткіші. Сондай-ақ республиканың ұлттық саябақтарында жаңа туристік нысандар: визит-орталықтар, кемпингтер мен глампингтер салынып жатыр. Онда қонақтарға жергілікті экожүйе және жабайы жануарлар, туристік маршруттар, тасымалдау пункттері және т.б. туралы ақпарат беріледі.

Мысалы, «Аюсай» визит-орталығында туристердің қауіпсіздік журналына әр түрлі соқпақ жолдармен шығатын саяхатшыларды тіркейді. Егер демалушылар сағат 22:00-ге дейін оралмаса, визит-орталық қызметкерлері іздеуді бастайды»,- деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР