Шардара суқоймасында 8 424 тонна, Сырдария өзенінде 694 тонна, жалпы 9 118 тонна балық қоры бар. Қазіргі таңда ауданда 5 балық өңдеу зауыты («Хамит» АӨК, ЖК «Жалғасбаев Т», «Саодат» ЖШС, «Бәйтерек ББМ» ЖШС, «Шардара балық 1» ЖШС) және балық өсірумен айналысатын 25 кәсіпкер тіркелген. Балық өңдеу зауыттарында жалпы 420-дан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
2023 жылдың қортындысымен аймақта 9 932 тонна өнім өндірілген. Оның ішінде 80 пайыздан астамы экспортталған. Балық өнімдері Германия, Литва, Израиль, Украина, Ресей, Қытай елдеріне экспорталуда.
Шикізат қорының 43,9%-дан (2506 тонна) астамы ауданда өндірілсе, қалған бөлігі сырттан 56,1% (3197,7тонна) Атырау, Арал, Балқаш, Көксарай суқоймаларынан әкелініп, өңделуде. Бүгінгі таңда ауданда жалпы 33 балық өсіруші кәсіпкер тіркеліп, олардың жалпы балық өсіру көлемі 951,35 тоннаны құрап отыр. Балық өсірушілерге мемлекет тарапынан жеңілдетілген несие және субсидия бойынша тиісті көмектер берілуде.