2025-02-01 07:10:08
-4.7 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Саялы сарыағаш» халықаралық өнер фестивалінде бас жүлдені иеленді

«Саялы сарыағаш» халықаралық өнер фестивалінде бас жүлдені иеленді

Өзбекстан Республикасы,  Ферғана облысы, Марғұлан қаласында  «Ұлы Жібек жолы» фольклорлық ансамбльдер фестивалі өтті. Фестивальге Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан мемлекеттерден 14 фольклорлық топ қатысты. Қазақстанның намысын қорғаған «Саялы Сарыағаш» этно фольклорлық ансамблі фестивальдің Бас бәйгесін жеңіп алып, еліміздің мерейін асқақтатты.

Марғұлан қаласындағы «Өнерпаздар бағында» «Ұлы Жібек жолы» ІІ халықаралық фольклорлық музыка фестивалінің ашылу салтанатына ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев, Өзбекстан Республикасының Мәдениет және туризм вице-министрі Бахадир Ахмедов, Ферғана облыс әкімінің орынбасары Хуршид Ахмедов қатысқан болатын.

Айта кетейік, Сарыағаш аудандық мәдениет  үйі жанынан ұйымдастырылған «Саялы Сарыағаш» ұлт-аспаптар ансамблі 1996 жылы құрылған. Ансамбльдің репертуарында халық әндерінен бастап, дәулескер күйшілердің күйлері мен қазақ  композиторларының  әндері секілді тағы басқа 40-тан астам шығарма бар. 2008 жылдың мамыр айында ҚР Мәдениет және ақпарат министірлігінің көркемөнерпаздар  ұжымдарына  «Халықтық» атақ беру №159 бұйрығына сәйкес «Саялы Сарыағаш» ансамбліне «Халықтық» атақ берілді.

Қазіргі таңда республикалық, облыстық іс шараларға қатысып өнер жоғары деңгейде көрсетіп жүр. Сондай-ақ облыста өткізілетін  мәдени көпшілік іс-шараларының,  салтанатты мерекелік  жиындардың,  концерттік бағдарламалардың  жоғары  деңгейде өтуіне атсалысады. Заман талабына сәйкес «Саялы Сарыағаш» ұлт-аспаптар ансамблі этно-фольклорлық ансамбль болып,  халық арасында ұлттық өнердің нәрімен   сусындатып, дәстүрлі өнерді насихаттауда өз үлестерін қосып келеді.

Түркістан облысы мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР