10-14 мамыр күндері аралығында Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Алпамыс батыр спорт кешенінде, спорт жанашырлары Анарбек Омаров пен Ғалымжан Бердиевтерді еске алуға арналған еркін күрестен 2010-2011 жылдары туылған жасөспірімдер арасында VII-ші республикалық турнир өтті.
Турнирге Қырғызстан Республикасы, Алматы және Шымкент қалалары, Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан облыстарынан жалпы саны 300- ге жуық спортшылар бақтарын сынады. Жоғары дәрежеде ұйымдастырылған іс-шараға Жетісай аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің де бір топ жас спортшылары қатысып, жақсы жетістіктерге қол жеткізді.
Сайы қорытындысы бойынша
- I орын 32 кг салмақ дәрежесінде Бақтиярұлы Нұрәли
- І орын 44 кг салмақ дәрежесінде Ерлесбай Ерәбіл
- І орын 68 кг салмақ дәрежесінде Уркимбай Жасұлан
- ІІІ орын 29 кг салмақ дәрежесінде Бизақ Рамазан
- ІІІ орын 32 кг салмақ дәрежесінде Бекмырза Бекарыс иеленді.
Жеңімпаз атанған спортшыларымызды және жаттықтырушыларын жеңістерімен құттықтаймыз.