2024-07-27 09:35:39
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қырғызстанда унифайттан Азия чемпионаты аяқталды

Қырғызстанда унифайттан Азия чемпионаты аяқталдыЖуырда  Қырғызстанның Чолпан ата қаласында унифайттан Азия чемионатының жалауы желбіреді. Оған  8 мемлекеттен 600 спортшы қатысып, сары құрлық елдерінің кіл мықтылары бақ сынасты. Еліміздің намысын қорғаған Түркістан облысының олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлері бойынша жоғарғы спорт мектебінің спортшылары бұл додадан туған жерге олжалы оралды.

Жарыс жолына шығып күш сынасқан лайт бөлімі бойынша жастар арасында жеңімпаз атанған 65 келідегі Нұрбек Нұрбаев пен 80 келі салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз Алмат Маханбет Азия чемпионы атанды. Сонымен қатар, талантты түркістандық 85 келіде бағын сынаған Жолдасбек Абдурахман алтын медаль жеңіп алды. Бұдан басқа ересектер арасында мықтылықтарын көрсеткен 65 келідегі Ақымбек Ұланбек пен 75 келі салмақта өнер көрсеткен Ерболат

Тасболат күміс жүлдегер атанды. Ал, 80 келідегі саңлақ Мұхтар Алипов қолаға қол жеткізді.

Азия чемпионатында унифайттан классика бойынша жастар арасында ел намысын қорғаған болашағы жарқын жерлесіміз 65 келідегі Нұрбек Нұрбаев пен 80 келіде шеберлігін көрсеткен Абдурахман Жолдасбек күміс жүлдегер атанды. Бұл құрлық жарысында талай таланттылар танылды. Ересектер бөлімінде мемлекетіміздің мерейін үстем еткен тағы бір дарын иесі 75 келідегі облысымыздың спортшысы Мұхтар Алипов пен 95 келідегі талантты саңлағымыз қарсылас шыдатпаған Жәнібек Айдарбек Азия чемпионатының алтын жүлдесін қанжығасына байлады. Жерлестеріміз Азия чемпионатында 5-алтын, 3-күміс және 1-қола медаль олжалап қайтты.

Түркістан облысының білікті бапкері талай жеңімпаздарды тәрбиелеп келе жатқан жаттықтырушы Бағдат Исаның қажырлы еңбегі мен табанды жұмысының нәтижесі бұл.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР