2024-07-27 07:50:36
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Құмшық ата. Ол кім?

Құмшық ата. Ол кім?

Түркістанның облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай облыстық мәдениет және туризм басқармасына қарасты «Оңтүстікфильм» КММ-і «Сіз білесіз бе?» жобасы аясында дайындаған «TURKIsTANYM» танымдық бейнероликтер айдарының келесі аялдамасы – «Құмшық ата» мешіті.

Құмшық ата мешіті — Х-ХІІ ғасырларда салынған жер асты археологиялық ескерткіші. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікке қарай 1 км-ге жуық жерде, ашық далада орналасқан.

Сопылардың діни рәсімдер өткізуіне арналған Құмшық Ата мешіті екі бөлмелі, ұзынша келген (10 м-ге жуық) ені тар дәлізді, шыға берісінде есігі бар үңгір құрылыс. Шаршы шикі кірпіштерден қаланған. Түкпірдегі мекен-жай көлемі 2х2 м-ге жуық, биіктігі 1,6 м, төбесі шатырлы күмбезбен көмкерілген. Оған іргелес диаметрі 2,5 м және биіктігі 2 м-дей дөңгелек пошымды үй күмбезделіп жабылған. Дәлізі иірлі келген, негізгі құрылыс күйдірілген кірпіштен қаланған, күмбезбен көмкерілген. Төбенің орта деңгейінен құдық тәріздес, диаметрі 1 м-дей, дәлізге жарық түсетін ойық жасалған. Жер асты мешітке кіретін есік қирап қалғандықтан, баспалдақтың сатылары анықталмаған. Мешіт пен дәліздің қабырғасы шаршы пішінді күйдірілген кірпіштен өрілген. Бөлме қабырғаларында шырағдан қоюға арналған шағын қуыстар бар. Құрылыстың ішкі құрылымы сыланбаған. Жер асты мешіті Х-ХІІ ғасырларда өмір сүрген әулие Құмшық Ата атымен байланысты айтылады. Зерттеулер Құмшык Ата мешіті ХІІ ғасырдан бастап халық жиналып, діни уағыздар рәсімі өтетін орын болғанын растайды.

Құмшық Ата мешітін 1973-1974 жылдары Қазақ КСР мәдениет министрі мен Ғылым Академиясының Тарих, археология және этнография институтының экспедициясы зерттеді.

1985 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2003 жылы Құмшық Ата мешіті қалпына келтіріліп, мемлекет қарауына алынған.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР