2024-11-24 16:16:44
12.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

ОРДАБАСЫДАҒЫ ҚҰС ФАБРИКАСЫНДА 100-ДЕН АСА ӨНІМ ТҮРІ ШЫҒАРЫЛАДЫ

ОРДАБАСЫДАҒЫ ҚҰС ФАБРИКАСЫНДА 100-ДЕН АСА ӨНІМ ТҮРІ ШЫҒАРЫЛАДЫ

«Ордабасы Құс» ЖШС күркетауық фабрикасы 2010 жылы іске қосылған. Республиканың агроөнеркәсіп саласындағы  күркетауық етінің өндірісі бойынша алғашқы жоба болып тіркелген фабрикада бүгінгі таңда 100-ден аса өнім түрі өндіріледі. Жылына 8,1 тонна күркетауық етін, 3,5 тонна шұжық өнімін дайындайды.

Өндіріс орны қауіпсіздік, технологиялар және ветеринария жағынан барлық халықаралық стандарттарға сай келеді. Жоғары технологиялы жабдықтар Бельгия, АҚШ, Израиль, Испания, Дания, Беларусь, Ресей мен Қытайдан әкелінген. Аталған жабдықтар энергетикалық және еңбек ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Онда өндірістік цикл толық қамтылған. Фабрикада инкубаторда құс өсіріліп қана қоймай, толыққанды құрама жем өндіретін, құс соятын, етті тереңдете өңдейтін, қалдықтарды өңдейтін өндірістер жолға қойылған.

Ордабасы ауданының мақтанышына айналған өндіріс орны 2012 жылы «Қазақстанның үздік тауары» атанса, 2016 жылы «Алтын сапа» премиясының жеңімпазы атанған. Сонымен қатар, «Ордабасы Құс» ЖШС Ұлыбританияның Оксфорд қаласында Еуропалық сапа сертификатын, Париж қаласында Тәуелсіз қоғамдық сапа жөніндегі бірлестіктің алтын медалін еншілеген.

Фабрика өнімдерінің 35 пайызы Ресей, Беларусь, Қырғызстан мен Өзбекстан елдеріне экспортталса, 65 пайызы Қазақстан нарығына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР