Жетісайда Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Open library – 2023» эстафетасының ашық есік күні өтті. Аудандық орталық кітапханада өткен шараның мақсаты халықты кітап оқуға шақырудың жаңа әдістерін ұсыну, кітапханаларға оқырман тарту және басқа облыстар мен қалалық, аудандық кітапханашылар арасында әріптестік байланысты нығайтуды, өлкеден шыққан қаламгерлерді көпшілікке таныта отырып жігерлендіру болып саналады.
Эстафетаны Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапхана директор орынбасары Жанар Аманжолова ашып беріп, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Халық үміті» республикалық қоғамдық саяси газетінің бас редакторы Жаппар Ғаппар, Жетісай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Бағдат Жолшыбеков, Жетісай қалалық әжелер алқасының төрайымы Клара Абылқасымова сөз сөйледі.
Аталмыш жиынға Мақтаарал, Шардара аудандық кітапхана қызметкерлерімен қатар, зиялы қауым өкілдері мен оқырмандар қатысты. Шара барысында Жетісай ауданының «Бір ел – бір кітап», «Түркістанның таңдаулы туындысы» өлкетану бағыты бойынша жасақталған кітап көрмесі таныстырылды. Сондай-ақ «Бізде қонақта…» бейнефис шоуы аясында ақын Сержан Құлдырақұлы шәкірттерімен кездесу өткізді. Жамбыл облысы Меркі ауданының орталық кітапханасымен ZOOM платформасы арқылы «Мағжан Жұмабаевтың жырларын бірге оқимыз» онлайн телекөпір өтті.
Түркістан облысы мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі