2024-09-20 06:04:13
14.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Ойын-сауық және демалыс іс-шаралары тұрақты жүргізіледі

Ойын-сауық және демалыс іс-шаралары тұрақты жүргізіледі
ФОТО ПРЕСС-СЛУЖБЫ БРК

Түркістан облысында демалыс орындарының саны күн санап артып келеді. Өткен жылы мәдени-демалыс ұйымдарының саны 252 бірлікті құрады. Мәдени-демалыс ұйымдары 1017,1 мың адамның қатысуымен 9,8 мың мәдени-көпшілік шара өткізді. Cонымен қатар, онлайн режимде 395 мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізді, қатысушылар  саны 58,5 мың адам болды. Көрермен залдарындағы орындар саны 47,6 мың бірлікті құрады.

Ал ойын-сауық және демалыс саябағының саны 27 бірлікті құрады. Саябақтарда 49 мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілді. Демалыс объектілерінің саны 72 бірлікті, ал демалыс объектілеріне келушілер саны 30 мың адамды құрады.

Түркістан қаласының ойын-сауық және демалыс саябақтары ең көп жабдықталған, мұнда 27 демалыс объектілері орналасқан. Былтыр кино көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдар саны 6 бірлікті құрады. Кино көрсетулер 3 кинотеатрда жүзеге асырылды. 12,4 мың киносеанс өткізіліп, оған 285,7 мың адам қатысты. Кино көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдардың табысы 401,9 млн. теңгені құрады.

Мәдениет саласы бойынша Түркістан облысының басым бағыттарын айқындау және өзіндік брендтерін қалыптастыру бағытында жұмыс күшейтіледі. Бұл жөнінде облыс әкімі Дархан Сатыбалды Мәдениет басқармасының басшысы мен аудан, қала әкімдеріне тұрақты түрде тапсырмалар жүктеп отырады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР