2024-07-27 07:49:21
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Облыстық семинарда ономастика жұмыстары талқыланды

Облыстық семинарда ономастика жұмыстары талқыланды

Бүгін Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасының ұйымдастыруымен Сауран ауданында «Ономастикалық жұмыстарды ұйымдастырудағы өзекті мәселелер» атты облыстық семинар өтті. Шараны облыстық мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірхан ашып, облыстағы ономастикалық жұмыстардың жүргізілу барысына және өзекті мәселелеріне тоқталды.

Семинарға облыстағы тарихшы ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, ономастика саласына жауапты аудандық, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлері мен Сауран ауданына қарасты ауылдық округтердің әкімдері, депуттаттар, ардагерлер кеңесінің мүшелері мен қоғам белсенділері қатысты.

Аталған іс-шарада тарихи атауларды жаңғырту мақсатында идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар мен қайталанатын атауларды тарихи жер-су атауларына алмастыру, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің әзірлеуімен «Тарихи тұлғалар», «Тарихи жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдерін жұмыс барысында басшылыққа алу керектігі аталып өтті. Сонымен қатар, Сауран, Бәйдібек аудандары мәдениет бөлім басшыларының ономастика саласы бойынша атқарылған жұмыстары және Халықаралық туризм және меймандостық университетінің доценті, облыстық ономастика комиссиясының мүшесі Ербол Абдраманов өз баяндамасын ұсынды.

Шара соңында ономастикалық жұмыстарды ұйымдастыру, жүйелі жүргізу бойынша кеңінен талқылап, пікір алмасумен қорытыланды.

Айта кетейік, шараның мақсаты – ономастикалық атауларды қалпына келтіру, реттеуде басты бағыттардың бірі халықтың қоғамдық санасын жаңғырту аясында жергілікті атқарушы органдардың ономастика саласындағы жұмысын үйлестіру және жүйелендіру.

Түркістан облыстық мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР