2024-07-27 09:05:25
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Облыстық кітапханаға Арыс қаласының кітапханашылары өз үлесін қосты

Облыстық кітапханаға Арыс қаласының кітапханашылары өз үлесін қосты

Бүгін облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітап Travel – 2023» акциясы аясында «Шежірелі өлкеден – Рухани темірқазыққа» шарасы өтті. Кезекті кітап керуенімен Арыс аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі келді.

Әдеби-мәдени шараға Арыс қаласы әкімінің орынбасары Алмас Советұлы қатысып, Түркістан қалалық әжелер алқасының төреайымы Айғаным Серім, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің профессоры Бекжігіт Сердәлі, Қазақстан Журналистер Одағының  мүшесі Роза Сыздыққызы, сондай-ақ Арыс аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Айдын Оразбайқызы шараның мән-мазмұнына тоқтала отырып, ізгі тілектерін білдірді.

Шара барысында «Ауыл кітапханаларына 20 мың кітап» акциясы аясында Арыс ауданынан 200 дана кітап және Жамбыл Жабаевтың 1950 жылы шыққан сирек қор кітабын кітапхана қорына сыйға тартты. Сондай-ақ Арыс қаласының жас ақындары өз шығармаларымен таныстырып, кітапхана қорын толықтыруға өз үлесін қосты.

Сонымен қатар, кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары «Бір ел – бір кітап» акциясының 2023 жылғы таңдаулы туындысы – Төлен Әбдіктің «Оң қол» шығармасынан үзінді көрініс көрсетіп, көркем сөздер мен  ән-билерін көрермен назарына ұсынды. Шара соңында жас ақындар мен өнерпаз оқырмандарға кітапхана директоры Жанат Шардарбекованың атынан алғыс хатпен марапатталды.

Түркістан облысының мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР