2025-05-11 10:53:09
26.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Облыс әкімі аппаратының басшысы Мақтаарал ауданының спорт нысандарын аралады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының Мақтаарал ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар маңызды  нысандардың жай-күйімен танысып, жергілікті халықпен кездесіп, түйіткілді мәселелерге тоқталды.

Осы орайда облыс әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов өңірдегі дене  шынықтыру және спорт саласына жауапты  куратор болғандықтан Мақтаарал ауданындағы бірқатар спорт нысандарын аралап көріп, жан-жақты танысты.

Мақтаарал аудандық әкімдігіне қарасты орталық стадион құрылысына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау сметалық құжатын әзірлеп, республикалық «Ауыл-Ел бесігі» мемлекеттік  бағдараламасына бюджеттік өтінім ұсыну жөнінде тапсырма берді.

Сонымен қатар, ауданда орналасқан балалар  мен жасөспірімдер спорт мектептерін аралап,  жас спортшылардың жаттығу барысымен танысып, ел ертеңі болар-жергілікті жас саңлақтармен дидарласты. Бұдан соң Е.Әлімқұлов Түркістан облысының намысын футболдан Қазақстан Республикасының чемпионатының Премьер лига командалары арасында қорғайтын «Мақтаарал» футбол клубының бүгінгі жетістіктерімен жан-жақты танысып, ойыншылар мен бапкерлермен кездесті. Сондай-ақ, шешімін таппай жүрген бірқатар мәлелерді жіті саралап, алдағы уақытта біртіндеп орындалатынын айтып тарқасты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР