2024-09-20 05:55:47
14.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Нұржан Смановтың жүлдесі сарапқа салынуда

Нұржан Смановтың жүлдесі сарапқа салынуда

Келес ауданында бокстан кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Шымкент қаласы, Сарыағаш және Келес аудандарының құрметті азаматы Нұржан Смановтың жүлдесіне арналған ХХ-ші  халықаралық  турнир басталды.

Бокс бәсекесіне көршілес Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен және елімізден Шымкент қаласы мен Түркістан облысының барлық аудан, қалаларынан 200-ден астам былғары қолғап шеберлері қатысты. Жұдырықты жігіттер төрт күн бойы 13 салмақ дәрежесінде мықтыларды анықтайтын болады.

Нұржан Сманов жүлдесіне арналған турнир 1997 жылдан бастап өткізіліп, көптеген жас спортшылардың шеберліктерін арттыруда. Спорттық сайыстың ашылу салтанатына Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев қатысып, көпшілікті спорт мерекесімен құттықтап,  Нұржан Смановтың иығына шапан жапты.

— Нұржан Дініқұлұлын халықаралық аренада спорттан елеулі жетістіктерге жетіп, ел намысын қорғап, Қазақстан Республикасының Әнұранын шырқатып, туын желбіреткен азамат ретінде жақсы таниды. Ол өзінің еңбекқорлығы, қайсар мінезінің арқасында көптеген жетістіктерге жетті. Келес өңірінің тумасы өзінің 15 жылдық спорттық карьерасында 52 медаль ұтып алып, оның ішінде, 35 алтын, 9 күміс, 8 қола медальдарының иегері атанған. Көптеген жас жеткіншектерге жол көрсетіп, белін буған Нұржан Смановты Келес жұрты жақсы көреді. Кешегі өткен Әлем чемпионатында алтын алған Санжар Ташкенбай да осы киелі Келес өңірінің тумасы. Нұржан ағасы секілді Санжар Ташкенбай еліміздің абыройын асқақтатса, бүгінгі сайысқа қатысып жатқан жеткіншектеріміз де ертеңгі күні ел мерейін үстем етеріне сенемін. Осындай игі шарлар жалғасын тауып, шын мықтылар жеңске жетуіне тілектеспін, — деді Жәнібек Есенұлы.

Айта кетейік, спорттық сайыс Абай ауылында орналасқан Әшірәлі Кенжеев атындағы аудандық мәдениет үйінде 16-20 мамыр аралығына жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР