2024-07-27 09:18:56
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Неке және отбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

"Неке және отбасы" тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Жастар ресурстық орталығы» КММ,  «Қоғамдық келісім» КММ-нің Жетісай аудандық филиалы және “Асыл қазына және Тең қоғам” әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ұйымдастыруымен «Неке және отбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жиынға  аудандық «Аналар кеңесінің»  төрайымы Рахила Басымбек,  Ынтымақ және Қазыбек би ауылдық округтерінің «Аналар кеңестерінің» төрайымдары Шамсиева Маржан,  Байтасова Нұржамал арнайы қатысты.

Шара барысында  неке және отбасы мәселелері кеңінен талқыланды.

Ауданның ақ жаулықты аналары жас отбасылар арасында ажырасу дерегі жыл сайын артып отырғанын, бұл мәселеде ажырасушылардың тағдырынан басқа, оның салдары балаға психикалық тұрғыдан және алдағы уақытта өміріне де  әсер ететінін,  бала барлық жақсы мен жаманды отбасынан көріп, біліп алатынын, отбасы оған кішкентай отаны, ұясы, ал әке-шешесі оның тірегі, тәрбиешісі, өмірлік қазынасы  екенін,  ажырасу мәселесіне  жәй қарамай, оны азайтуға мемлекет, қоғам  тарапынан да  тиісті шаралар керектігін, қазіргі таңда  бұл өзекті  және әлеуметтік проблемалардың бірі болып отырғанын, сондықтан отбасы құндылықтарын сақтау маңызды  екенін айтып  өтті.

Сонымен қатар қатысушылар да отбасын құру, сақтау, ана мен баланың құқығын қорғау, баланың тұлға ретінде қалыптасуындағы отбасының рөлі мен алатын орны туралы пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР