2024-11-25 07:13:29
1.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

МИНИСТР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУ ЖҰМЫСТАРЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРДІ

МИНИСТР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУ ЖҰМЫСТАРЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРДІ

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді. Министр Сауран ауданы, Ескі Иқан ауыл округінде ағын су тұтынушы шаруалармен кездесті. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев өңірде су үнемде технологияларын енгізу бағытындағы жұмыстарды баяндады.

Министр елімізде ағын су тапшылығын болдырмау, су нысандарын реттеу, жөндеу бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатқанын мәлімдеді. Шаруалардың мәселесі әрдайым назарда тұрғанын айтты. Тұрғындардың сұрақтары мен өтініштерін тыңдап, пікір алмасты.

Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов маңызды жобаларға тоқталды. Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылдық округінде «Түркістан» магистралды каналынан ағын су алатын жалпы ұзындығы 335,7 шақырымды құрайтын 113 дана арна мен 105,3 шақырымды құрайтын 18 дана қашыртқы және 72 дана тік дренажды ұңғыма бар. 2019 жылы Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылдық округінде «Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру жобасының» 2-кезеңінің құрылыс жұмыстары басталған. Жоба құны 10 487,8 млн. теңгені құрайды. Бүгінге дейін мердігер мекеме – «Tunnel Sadd Ariana» тарапынан бірқатар жұмыс атқарылған.  Бетондалған арналар 127,02 шақырымға жетсе, қайта тазаланған арықтар – 99,21 шақырым, арналарға 1164 дана су құрылымы орнатылған. 91,8 шақырым болатын 18 қашыртқы тазаланып, 9 көпір ағымдағы жөндеуден өткізілген. 72 дана ТДҰ қазылды (100%). ТДҰ орнатылған трансформаторлық қосалқы станцияларының саны – 17. Электр желісі 113,26 шақырымға жүргізілген (97,3%). Құрылыс жұмыстарын толық аяқтау үшін 1587,7 млн теңге  қажет. Мәселе министрлік пен облыс әкімдігінің бақылауына алынған.

Айта кетейік, ҚР Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024- 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, Түркістан облысында 2030 жылға қарай су үнемдеу технологияларын 216,3 мың гектарға енгізу қарастырылған. Биыл жаңадан 22,0 мың гектарға су үнемдеу технологиялары орналастырылады. Қазіргі таңда, нақты 12,9 мың гектарға су үнемдеу технологиялары енгізілді. Оның ішінде, 8 мың гектарға тамшылатып суғару, 4,9 мың гектарға жаңбырлатып суғару технологиялары орнатылған. Сондай-ақ облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен су үнемдеу технологияларын шығаратын кәсіпорындар ашылуда. Жыл басында «BNK Group LTD» ЖШС-нің 4,1 млрд теңгені құрайтын «Жылына 1000 дана жаңбырлатып суғару машиналарын шығару» зауыты жобасы іске қосылды. Сонымен қатар облыста ІІІ тоқсанда «BNK Group LTD» ЖШС мен  «Тұран су» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің тамшылатып суғару жүйесін шығаратын кәсіпорындары іске қосылады. Биыл инвестициялық субсидиялау қағидасына сәйкес, су үнемдеу технологияларына кеткен шығынды 80% субсидиялау бойынша облыстық бюджеттен 4,0 млрд теңге қаржы бөлінді. Аталған қаражат 3,1 мың гектарды субсидиялауға жеткілікті.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің жұмыс сапары Мақтаарал және Жетісай аудандарында жалғасады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР