2024-11-24 15:57:16
12.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Маусым айында жұмыс берушілер Электрондық еңбек биржасында 94 мыңнан астам бос жұмыс орнын орналастырды

Маусым айында жұмыс берушілер Электрондық еңбек биржасында 94 мыңнан астам бос жұмыс орнын орналастырды

2024 жылғы маусымда Enbek.kz электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 94,4 мың бос жұмыс орнын, ал жұмыс іздеушілер – 88,9 мың түйіндеме орналастырды. Мамыр айымен салыстырғанда бос орындар саны 8,6 мың бірлікке (+10%) өсті, ал түйіндеме – 9,6 мың бірлікке (-9,7%) қысқарды.

Бос жұмыс орындарының жалпы өсуіне қарамастан, фермерлерге, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және көлік жұмысшыларына сұраныстың төмендеуі байқалды. Ұсыныс берушілер тарапынан ауыл шаруашылығы жұмысшылары мен өндірістік сектор операторларының түйіндемелері санының төмендеуі байқалды. Бұл ретте біліктілік бойынша сұраныс құрылымы өзгеріссіз қалды – орта білікті жұмысшылар ең жоғары сұранысқа ие болды (32,8 мың бос жұмыс орны немесе 37%).

Маусым айында білім беру (18,4 мың бос жұмыс орны), басқа да қызмет түрлері (16,4 мың бос жұмыс орны), денсаулық сақтау (8,9 мың бос жұмыс орны) және құрылыс (8,5 мың бос жұмыс орны) салаларының ұйымдары еңбек нарығында дәстүрлі түрде жоғары белсенділік танытты. Олардың үлесі орналастырылған барлық жұмыс орындарының жартысынан көбін құрады.

Өңірлік бөліністе Атырау (7 мың) және Жамбыл (6,7 мың бос жұмыс орны) облыстарының, сондай-ақ Астана (6,7 мың) және Алматы (6,2 мың бос жұмыс орны) қалаларының жұмыс берушілері белсенділік танытты. Бұл ретте, өткен аймен салыстырғанда Алматы және Атырау облыстарында бос орындар саны екі есе өскен, ал Астана қаласы мен Батыс Қазақстан облысында сұраныс керісінше төмендеді (тиісінше 13% және 16% — ға).

Түйіндеме санының артуы тек екі өңірде – Шымкент қаласында (+240 түйіндеме) және Атырау облысында (+58 түйіндеме) байқалды. Жұмыс іздеушілердің белсенділігі Батыс Қазақстан (-30% немесе 1,6 мың түйіндеме), Түркістан (-20% немесе 2,4 мың түйіндеме) және Солтүстік Қазақстан (-19% немесе 450 бос жұмыс орны) облыстарында азайды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР