2024-07-27 09:13:21
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Мақтааралда Шәмші Қалдаяқовтың 93 жылдығына орай ән байқауы өтті

Мақтааралда Шәмші Қалдаяқовтың 93 жылдығына орай ән байқауы өтті

Мақтаарал аудандық мәдениет үйінде қазақ вальсінің королі, ән әлемінің падишасы, өнерін өміріне арқау еткен замана дүлдүлі, ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқовтың әндерінен «Шарықта, Шәмші әндері!» атты аудандық ән байқауы өтті.

Екі кезеңнен өткен байқауға ауданға қарасты ауылдық округтерден 7 үміткер қатысып, Мырзакент кентінен келген Азамат Асқар жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, Аязхан Қалыбеков ауылдық округінен Лаура Сауыт жүлделі ІІ орын, Достық ауылдық округінен Мұстафа Мамадияр және Жамбыл ауылдық округінен Бексаттар Барат ІІІ орынды иеленді.

Аталмыш байқаудың мақсаты — ұлы композитордың шығармашылығын насихаттап, жастарға дәріптеу, жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеу, жас дарынды таланттарды тауып, патриоттық әндерді халыққа кеңінен таныту.

Түркістан облысының мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР