2024-09-19 21:27:03
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Мәдени инфрақұрылым қарқынды дамыды

Мәдени инфрақұрылым қарқынды дамыды

Түркістан облысының мәдениет саласындағы инфрақұрылым тәуелсіздік жылдарынан бергі уақытта қарқынды дамып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында тың серпіліс алды.

Аталған стратегиялық құжатта 2025 жылға дейін елімізде 1 500 мәдениет нысанының құрылысы мен жөндеу жұмыстары жоспарланған. Былтыр ғана республикада 22 нысанның құрылысы мен 287 объектіге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биылғы жоспар бойынша 40 объектінің құрылысы мен 260 нысанға жөндеу жұмыстарын жүргізілуі тиіс. Олардың ішінде Түркістан өңірінде 15 мәдениет нысанына жөндеу және 3 нысанына құрылыс жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр.

Мәдени инфрақұрылым қарқынды дамыды

Сонымен қатар Түркістан өңірінде биыл «Гауһар Ана», «Отырар», «Сауран» визит-орталықтары ашылып, туристерге қолайлы жағдай жасалмақ. Мәдениет және өнер саласында «Umai» ұлттық сыйлығы, «DALA DAUYSY» республикалық байқауы, «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы сияқты бірқатар ауқымды жобаны жүзеге асыру жалғастырылады.

Олардан бөлек, бұрын еш жерде шығармалары жарық көрмеген қаламгерлерді қолдау мақсатында «Жаңа қазақ әдебиеті» сериясы қолға алынды. Жақын арада 14 кітап жарық көріп, 42 мың тиражбен республикалық және облыстық кітапханаларға таратылу жоспарланып отыр.

Биыл алғаш рет еліміздің 18 бен 29 жасқа дейінгі жас жазушылары мен ақындарына арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлық беріледі. Бұл сыйлық осы жылдан бастап жыл сайын «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті» деген 4 номинация бойынша берілмек.

Сонымен қатар талантты, өзіндік ерекшелігі бар шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларды қолдау мақсатында «Рухани қазына» республикалық фестивальі өткізілетін болады. Мәдениет саласы қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында өтетін бұл фестиваль аясында үздік мамандар үшін 500 мың теңге, ал үздік мәдениет мекемесі үшін 1 млн теңгені жеңіп алу мүмкіндігі бар. Түркістан облысында 3 мыңнан астам бала мен жасөспірім тегін үйірмелермен және 20 мыңнан астамы секцияларымен қамтылды (2022 жылы 1,6 млрд теңге бөлінді). Биыл осы жобаны жүзеге асыруды жалғас жалғасады. Мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырысты жалғастыру мақсатында 2023 жылы 560 мыңнан астам бала мен жасөспірімді қамту үшін жергілікті атқарушы органдардан 86,7 млрд теңге бөлінді (2023 жылы Түркістан облысында 4,6 млрд теңге қарастырылған).

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР