2025-02-01 06:56:44
-2.7 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Кім патша?» ертегісінің тұсауы кесілді

«Кім патша?» ертегісінің тұсауы кесілді

Р.Сейтметов атындағы Түркістан сазды-драма театрында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай А.Наурызбаевтың сахналауындағы А.Атымтаеваның «Кім патша?» ертегісінің тұсауы кесілді.

Ертегі аң патшасы арыстанның сырқаттанып қалуына байланысты оның орнына лайықты жануар іздеуінен басталады. Таққа таласып, бір мәмілеге келе алмаған қасқыр, қоян, түлкі, аю, кірпі әрқайсысы кезектесіп билеуге, кімнің іс-әрекеті патша болуға лайық келсе соны тағайындаймыз деп келіседі. Бірақ бұлардың ешбірі орман заңдылығын сақтағамай патшалықты басқара алмайды. Соңында дағдарып жатқанда арыстанның сау екені, жай бұларды сынақтан өткізгені белгілі болады.  «Екінің бірі би болмас» деген сөз осындайда айтылса керек.

Түркістан облысы мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР