2024-09-20 02:52:24
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Халықаралық музейлер күні тойланбақ

Халықаралық музейлер күні тойланбақ18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай «Ұлы Дала Елі» орталығында «Ашық есік күні» және «Музей түні» акциясы аясында «Ұлы істердің ұйытқысы – Ұлы Дала Елі Орталығы» атты мерекелік кеш өтеді.

Ашық есік күні акциясы аясында:

  • – сағат 10:00-де Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Облыстық жас туристер станциясы» мерекелік іс-шарасы;
  • – сағат 11:00-де Түркістан қалалық балалар қолөнер орталығының қолөнер шеберлері жәрмеңкесі және облыстық «Farab» кітапханасы жасақтайтын «Музей – тарих қоймасы» атты кітаптар көрмесі;
  • – сағат 14:00-де қонақжайлылық пен мейірімділікті дәріптеу, қала қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлай отырып, ыстық бауырсақ арқылы ыстық ықылас, жылы лебіз сезіндіру мақсатында «1000 бауырсақ тарту» акциясы;
  • – сағат 16:00-де анимациялық кейіпкерлермен суретке түсу;
  • – сағат 17:30-да келген қонақтардың танымдық-шығармашылық қабілеттерін, қызығушылығын, жылдамдықтарын байқау мақсатында танымдық және интерактивті квест ойыны өтеді.

Сонымен қатар 18:00-де «Музей түні» акциясы аясында жастардың музейге деген қызығушылығын арттыру мақсатында Түркістан қаласының белгілі әншілерімен бірлесіп, қонақтарға мерекелік көңіл күй сыйлайтын болады.

Айта кетейік, «Ұлы Дала Елі» орталығына ертең таңғы 09:00-ден түнгі 23:00-ге дейін кіру тегін.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР