2024-05-17 06:41:54
13.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Этноауылда ұлттық ойындар насихатталды

Этноауылда ұлттық ойындар насихатталдыТүркістан облысының 5 жылдығына орай ұйымдастырылған «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыпты, ұлттық ойындарды насихаттау кеңінен қолға алынды.

Жетісай аудандық аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай аудандық ұлттық спорт клубы» мекемесінің «Ұлттық спорт – ұлтымыздың нышаны» ұранымен қазақ күресі мен тоғызқұмалақ, асық ату мен арқан тарту және білекті де жүректі жігіттердің қошқар көтеру сынды ұлттық спорт ойын түрлерінен  сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілетін болады.

Отырар, Ордабасы, Созақ, Мақтаарал, Жетісай аудандарынан келген балуандар арасында 35 келілік қошқарды 140 рет көтерген Мақтаарал ауданы, А.Қалыбеков ауылдық округінен келген Нұрислам Төлепов жеңіске жетсе, түстен кейін Түркістан қаласы тұрғындары мен қонақтары арасында өткен жарыста салмағы 35 келі болатын қошқарды 145 рет көтерген жетісайлық жігіт Ербол Әбдіхалық жеңіске жетті. Екі жеңімпаздың да жүлдесі бәске тігілген қошқар болды.

Одан бөлек, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату мен арқан тарту сынды спорт түрлерінен жеңімпаз атанған қатысушылар ұйымдастырушылардың дипломдары мен медальдарына, бағалы сыйлықтарына ие болды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР