2024-09-20 02:48:18
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Ең көп мұражайлар —Түркістанда

Ең көп мұражайлар —Түркістанда

Биыл Түркістанның облыс атауын алғанына бес жыл толды. Түркістан қаласының облыс орталығы ретінде анықталуы – ел тарихының жаңа парағы.  Енді, облыста туризмді, ауыл шаруашылығының барлық бағыттарын, өнеркәсіп саласын дамыту үшін тың қадамдар іске асырылатыны анық. Яғни бұл қадам өңірдегі экономиканың, бизнестің, инфрақұрылымның дамуына серпін бере отырып, Түркістанның тек киелі мекен емес, үлкен мәдениет орталығы, экономикалық ошағы ретінде дамуына мүмкіндік туғызады.

Әкімшілік орталықтың көшірілуі жаңа жұмыс орындарын шоғырландырып, еңбекке жарамды халықтың басым көпшілігін жұмыспен қамтамасыз етеді.  Жаңа әлеуметтік нысандар, тұрғын үй және басқа да жобалар қарқынды түрде жүзеге асырылады.

Өңірде жалпы саны 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 27 мұражай жұмыс істеді. Қорық-мұражайлардағы тарихи және мәдени ескерткіштердің саны 337 бірлікті құрады. Облыстың мұражайларында 23,1 мың экскурсия өткізілді және тыңдаушыларға 1,5 мың дәріс оқылды. Келушілердің жалпы саны 1492,5 мың адамды, одан балалар – 363,1 мың адамды құрады. Негізгі қордағы жәдігерлердің жалпы саны 143,2 мың бірлікті құрады, одан жыл ішінде 20,5 мың бірлік қойылып көрсетілді. Музейлермен өткізілген көрмелер саны 786 бірлікті құрады.

Мұражайлардың ең көп саны Түркістан қаласында (7 бірлік) орналасқан.

Сонымен қатар облыста өткен жылдың көрсеткіші бойынша  395 кітапхана жұмыс істеді. Кітапханалардың кітапхана қоры 6050,2 мың экземпляр, электронды каталогтарының көлемі 897,7 мың бірлікті құрайды. Кітапханалардың оқу залдарындағы орындар саны 2,5 мың бірлік құрады. Кітапханаларда пайдаланушылар саны – 430,5 мың адам, соның ішінде интернет-ресурсын пайдаланушылар саны – 9,5 мың адам құрады. Кітапханаларға келушілер саны 3914,3 мың адамды құрады. Келушілердің ең көп саны Түркістан қ. (14,6%) және Сарыағаш (7,3%) ауданы кітапханаларында белгіленді. Сондай-ақ, өткен жылы облыста 3 драмалық театр жұмыс істеді. Театрлармен 338 іс-шаралар, одан 237 – балаларға арналған іс-шаралар қойылды. Көрермендер саны 47,7 мың адам құрады, оның ішінде балалар – 23,3 мың. Есепті жылы театр репертуары бойынша 38 спектакльдер көрсетілді, оның ішінде 9 – жаңа қойылымдар.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР