2024-09-20 03:31:15
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Ел спортының ертеңін еселеу, санасы сергек, бойы шымыр ұрпақ тәрбиелеу – маңызды міндет

Ел спортының ертеңін еселеу, санасы сергек, бойы шымыр ұрпақ тәрбиелеу – маңызды міндет

Ал бұл мақсатқа қол жеткізудегі маңызды мәселе – спорттық инфрақұрылымды дамыту арқылы халықтың қолжетімділігін арттыру болыптабылады. Осы бағыттағы жұмыстар стратегиялық құжаттар аясында жалғасады. Мәселен, 2025 жылға дейін 113 жаңа спорт нысаны салынып, жұмыс істеп тұрған 26 нысан қайта жаңғыртылады.

Жалпы спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында, біріншіден, еліміздегі барлық спорттық инфрақұрылымды тексеру, екіншіден, спорт нысандарын санау әдістемесіне өзгерістер енгізу, үшіншіден, спорттық инфрақұрылымның бірыңғай тізімін қалыптастыруды жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде тапшылық бар өңірлерде, шалғай ауылдарда тез салынатын модульдік нысандарды құру жұмыстарын жүргізілмек.

Ел спортының ертеңін еселеу, санасы сергек, бойы шымыр ұрпақ тәрбиелеу – маңызды міндет

Сала қызметкерлерін әлеуметтік қамтамасыз ету бағытында сабақтан тыс спорттық секцияларды өткізгені үшін дене шынықтыру мұғалімдеріне лауазымдық жалақыдан 100% қосымша ақы төленеді, мектеп-интернаттардың жаттықтырушы-оқытушыларына олардың біліктілігіне қарай 6 мың теңгеден 22 мың теңгеге дейін санат бойынша үстемақы енгізілді. Мамандар әлеуметтік тұрғыда қолдау үшін жаңа шешімдер қабылданатынын жеткізді. Жаттықтырушы-оқытушыларға топтарды басқарғаны үшін, сондай-ақ айрықша спорттық атақтары үшін үстемақылар мен қосымша ақылардың жаңа түрлерін енгізу жоспарланып отыр.

Ұлттық құрама командалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың штаты 1 000-нан 3 000-ға дейін ұлғайтылды. Бұл мемлекеттен қаржыландырылатын атлеттердің пулын кеңейтуге және ұлттық құрамдағы орын үшін бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік береді. Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпиондарына, олардың жаттықтырушыларына өмір бойы төленетін ай сайынғы төлемнің мөлшері 24-тен 100 айлық есептік көрсеткішке дейін артты.

Ел спортының ертеңін еселеу, санасы сергек, бойы шымыр ұрпақ тәрбиелеу – маңызды міндет

Сонымен қатар чемпиондар мен олардың жаттықтырушыларын өмір бойы қамтамасыз ету мөлшері 4 есе өсіп, спорт төрешілерінің жалақысы 2024 жылға қарай негізгі лауазымдық жалақының 100%-на дейін көтеріледі. Заңнамалық тұрғыда спортшыларға Ұлттық біріңғай тестілеуді тапсырмай, жоғарғы оқу орнына түсу үшін грант беру туралы норма енгізілді. Оған қоса, олимпиадалық резервті дайындау пирамидасы күшейтілді. Пилоттық режимде Республикалық спорт колледжінің базасында Жаттығу орталығы өз жұмысын бастады. Спорт саласындағы білікті мамандарды даярлау мақсатында 2000 жылдардың басынан бері құрылысы тоқтап қалған Олимпиадалық жаттығу орталығы қайта қолға алынды. Олимпиадалық жаттығу орталығы осы жылы, ал Олимпиадалық даярлау орталығының құрылысы 2025 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Өңірлік құрамалармен жұмысты бір жүйеге келтіру мақсатында Астана қаласында және Ақтөбе, Алматы, Жетісу облыстарында Спортты дамыту дирекциялары ашылды. Биыл қалған 16 өңірде осындай құрылымдар салынатын болады. 2025 жылға дейін 8 өңірде спорттық мектеп-интернат-колледждер ашылады (Астана, Шымкент қалаларында, Алматы, Абай, Атырау, Маңғыстау, Қостанай және Ұлытау облыстарында).

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР