2024-03-29 03:30:38
5.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Болмаған оқиға» драмасының премьерасы өтті

«Болмаған оқиға» драмасының премьерасы өтті

Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласы сазды-драма театрында украиндық драматург Мария Ладоның «Болмаған оқиға» драмасы сахналанды. Премьераға Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірхан мен зиялы қауым өкілдері, театр сүйер қауым қатысты.

Қойылымда әлем дамыған сайын адам баласының қатыгездігі қатар дамып жатқаны туралы баяндайды. Ал жер бетіндегі хайуандардың адамнан мейірімді, жүрегі жұмсақ екенін біз біле бермейміз. Білсек те өзімізді жоғары санап мойындамаймыз. Неге? Міне, жауабы жоқ сұрақтарға театр әртістері сахна арқылы жауап беруге тырысты.

Қойылымнан соң басқарма басшысының орынбасары Асылхан Темірханұлы, айтыскер ақын, «Алтын домбыра» иегері Бекарыс Шойбеков, Түркістан қаласы әйелдер алқасының төрайымы Ұлжан Мұстафаева құттықтау сөз сөйлеп, театр ұжымына шығармашылық табыс тіледі. Ал театр басшысы Ержан Исатаев келген қонақтарға, театрға келген барша көрермен мен әртістерге алғыс білдірді.

Шығарманы қазақ тіліне аударған Құжырғали Төлеуішев. Театрдың көркемдік жетекшісі – А.Наурызбаев. Қойылым режиссері – Махамбет сыйлығының иегері М.Томанов, суретшісі – Қ.Шериев. Рөлдерді К.Аштекова, Ә.Жұман, Ж.Адырбекова, Ж.Маханов, А.Ильясов, Ғ.Бейсенбаев,  М.Құрманбеков, А.Индемесова, Ж.Сейдахметова, Т.Қарынбаев, Б.Шаймахан сынды театр әртістері сомдап шықты.

Еске сала кетейік, премьера 18 мамыр күні де өтетін болады. Өнер сүйер барша көрермен театрдан мән-мағынаға толы қойылымды тамашалай алады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР