2025-02-01 06:53:41
-2.7 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Бал таңдай» өз мәресіне жетті

«Бал таңдай» өз мәресіне жетті

Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасының ұйымдастыруымен облыстың 5 жылдығына және 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бал таңдай» облыстық балалар өнер фестивалі өз мәресіне жетті.

Өнер байқауы үш бағытта, атап айтқанда «Кел, билейік!» би өнері, «Менің туған жерім» жас суретшілер және эстрадалық ән айту жанрлары бойынша өтті. Фестивальге облысымыздың барлық аудан, қалаларынан іріктелініп алынған жас талант иелері өнер көрсетіп, бақ сынады. Жас таланттарды анықтау, дарынды балаларға қолдау көрсету, республикалық, халықаралық байқауларға қатысуын қамтамасыз ету мақсатында Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы өткізген өнер додасында мәдениет майталмандары мен кәсіби орындаушылар қазылық етті.

Қазылар алқасының шешімімен «Менің туған жерім» жас суретшілер байқауы бойынша Жұмабек Адинаға (Түлкібас) Бас жүлде бұйырды, ал Беримбетова Жанерке (Шардара) І орын, Оразбек Гүлсезім (Кентау) мен  Мусабек Назгүл  (Сайрам) ІІ орын,  Жолдасбек Айтжан (Келес) мен Абдуғани Аятхан (Қазығұрт) ІІІ орын иегері атанды. Сонымен қатар Дархан Маржан (Қазығұрт), Мұратбай Аружан (Түлкібас), Үмбет Ернұр (Түркістан), Асанбек Әсел (Сайрам), Сапаева Зилола (Сауран) мен Балтабек Шұғыла (Созақ) арнайы жүлдемен марапатталды.

«Кел, билейік!» би байқауы бойынша Бас жүлде «Таң нұры» би тобына (Келес) бұйырды. «Шаттық» би ұжымы (Жетісай) І орын, «Ақкербез» үлгілі би ансамблі (Сайрам) мен «Бақыт айдынында» (Отырар) ІІ орын,  «Тұмар» би тобы (Түркістан) мен «Наз» би тобы (Қазығұрт), «Рапсодия» халықтық би ансамблі (Кентау) мен «Кәусар» тобы (Түлкібас) ІІІ орын иеленді.  Сонымен қатар «Мерей» би тобы (Сарыағаш), «Turkestan Special dance»  би мектебі (Түркістан),«Тау сұлуы» би тобы (Түлкібас), «Ақсу ару» би тобы (Төлеби), «Жұлдыз» би тобы (Сайрам), «Ажар» балалар би орталығы (Ордабасы) мен «Аяна» би тобы (Жетісай) арнайы номинация иегері атанды.

Эстрадалық ән айту бойынша  Сұлтан Айтжан (Қазығұрт) Бас жүлде иегері атанды. Ал Сәбитқызы Кәусар (Түркістан) І орынды, Құрманбай Данияр (Жетісай) мен Бекжанқызы Мадина (Қазығұрт) ІІ орынды,

Әбжан Байдаулет (Түркістан) пен Жасұлан Айару (Сарыағаш) ІІІ орынды иеленді. Сонымен қатар Байшаева Інжу (Түркістан), Тұрар Маржан (Жетісай), Даньяр Алина (Кентау), Мустапа Рахым (Түркістан) мен Алдаш Бексұлтан (Сауран) арнайы жүлдемен марапатталды.

Фестиваль барысында жетекшілеріне шеберлік сағаттары өтіліп, барлық бүлдіршінге мерекеге орай тәттілер таратылды.

Түркістан облысы мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР