Қазіргі таңда «ЯДРО ЛАҚТЫРУ ЖӘНЕ НАЙЗА ЛАҚТЫРУ» олимпиадалық спорт түрлері қарқынды дамып келеді. Шардара топырағынан шыққан спортшыларымыз Елікбаев Бексұлтан мен Маман Нұрдәулет 04-07 маусым күндері аралығында Оңтүстік Корея елінің Сеул қаласында өтетін Азия чемпионатына жол тартты.
Спортшыларымыз Азия құрылғының кіл мықтылары жиналатын чемпионатта бар күш-қайратымен, қазақ батырлары мен қаракөздеріне тән қайсарлығымен көк байрағымызды көкке көтеріп, Әнұранымызды шырқатады деген сенімдеміз. Шардарадан шыққан чемпиондарымыздың қатарын жалғай берсін деп тілейміз!