2025-04-11 19:52:32
28.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жаппай декларациялау мен мобилді аударымдарды бақылау бойынша кеңес беретін Telegram чат пен консультативтік орталықтар ашылды

«Telegram» мессенджерінде «МКК Жалпыға бірдей декларациялау_мобильді аударымдар» чаты құрылды, деп хабарлайды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті. Онда жалпыға бірдей декларациялау мәселелері, сондай-ақ мобилді аударымдар бойынша сұрақтарға жедел жауаптар беріледі. Осы чатта жалпыға бірдей декларациялау және мобилді аударымдарды салықтық бақылау бойынша баспасөз хабарламаларымен және басқа да пайдалы ақпаратпен танысуға болады.

Сондай-ақ, әрбір Мемлекеттік кірістер басқармасында «Консультативтік орталықтар» құрылды, республика бойынша 200-ден астам осындай орталық бар. Консультативтік орталықтарда жалпыға бірдей декларациялау мен мобильді аударымдарға қатысты барлық сұрақтар бойынша жауаптар беріледі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР