2025-03-15 01:56:10
6.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Apple AirPods құлаққаптарына синхронды аударма функциясы қосылады — Bloomberg

Apple AirPods құлаққаптарына синхронды аударма функциясы қосылады — Bloomberg

Құрылғы шетел тіліндегі сөйлеуді танып, оны пайдаланушыға қажетті тілге аударады.

Bloomberg дереккөздерінің мәліметінше, бұл функция 2025 жылы жоспарланған бағдарламалық жасақтама жаңартуларының бірімен бірге қосылады. Олардың айтуынша, ол iOS 19 нұсқасымен бірге шығарылады.

Шолушы Марк Гурманның болжамынша, iOS 19, iPadOS 19 және macOS 16 жүйелері маусым айында өтетін жыл сайынғы WWDC конференциясында таныстырылады. Apple бұл ақпаратқа түсініктеме беруден бас тартты.

Bloomberg жазғандай, компания құлаққаптардың жаңа нұсқасымен де жұмыс істеуде, соның ішінде AirPods Pro-ның келесі буыны әзірленуде. Маңызды жаңа әзірлемелердің қатарында – жасанды интеллект технологиялары арқылы қоршаған ортаны талдайтын AirPods үлгісі бар.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР