«Nur Otan» партиясы аудандық филиалынан аудандық мәслихатқа үміткерлер Нұрғали Айтбеков пен Сылқынбек Спабеков және Абзал Әділбеков Көктерек ауылдық округіне қарасты Ынтымақ ауылында болды. Көпшілікпен кездесу өткізіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Үміткерлер мұнан соң осы ауылдағы бірқатар көпбалалы аналардың үйіне кіріп, жағдайларын біліп шықты.
Аналардың айтары бар. Бірі баласына орталықтан жер сұрайды, енді бірі баласының жұмысқа орналасуына ықпал жасауға өтініш білдірді. Зейнетақы жағдайларында да түйткілді мәселелері бар екен.
Ұсыныс – пікір, өтініштердің ешқайсысы да бақылаудан тыс қалмайды. Үміткерлер аналарға осылай уәде берді.
Nur Otan» партиясы Бәйдібек ауданы
Сайлау қорының қаражатынан төленді
Сайлау қорының қаражатынан төленді